Хабар телеарнасы

Бекзат Саттархановтың құрметіне орай бокстан халықаралық турнир өтеді

Шаһарда Олимп шыңын бағындырған тұңғыш қазақ Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан турнир басталды. Жарысқа 5 мемлекеттен және еліміздің әр түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысып жатыр. Боксшылар 11 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Құрметті қонақтардың қатарында Ермахан Ибраимов, Серік Сәпиев сынды танымал спорт саңлақтары бар.