Хабар телеарнасы

Қазақстанға алғаш рет Корея Республикасының президенті мемлекеттік сапармен келеді

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалын, және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ 24 сәуірде Ақордада Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездеседі. Жиында қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар мәселе сөз болады.