Хабар телеарнасы

«Түркі идеясының архитекторы», «Елбасы эпопеясы» кітаптарының тұсаукесері өтті

Екі туындының да басты кейіпкері – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. «Түркі идеясының архитекторында» Тұңғыш Президентіміздің түркі әлеміндегі рөлін толықтай ашатын мемлекет басшыларының, танымал саясаттанушылардың, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің пайымды пікірлері мен орамды ойлары топтастырылған. Ал «Елбасы эпопеясы» Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай шығарылып отыр. Әр туынды 2000 данамен жарық көрді. Қос кітаптың шығарылуына еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсеткен.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

- Былтыр елорданың 20 жылдығына байланысты Халықаралық Түркі академиясы мен ел газеті «Егемен Қазақстан» «Елорда эпопеясы» деген арнайы кітап шығарған болатын. Жалпы жыл бойында 280-нен астам мақала жарық көрген. Соның ең көрнектілерін осы кітапқа енгіздік. Екі кітаптың тұсаукесері бірге өтіп жатқанының мәні бар. Себебі елорда мен Елбасының есімі егіз. Елбасымыздың түркі әлемінің лидері, түркі интеграциясының архитекторы ретінде танымал екендігі белгілі.