Хабар телеарнасы

Алматы тұрғындары қала қазынасындағы қаржыны жұмсауға қатыса алады

Барлық ұсыныс «Оpеn Алматы», яғни «Ашық Алматы» қоғамдық қабылдау орнында және ресми сайтында тіркеледі. Порталға кіріп, жазба қалдыру үшін тұрғынның электрондық қолтаңбасы болуы қажет. Жобаға сәйкес әр ауданға 500 млн теңге бөлінбек. Тұрғындар тарапынан түскен ең ұтымды ұсыныстарды қоғамдық кеңес отырысы қарастырып, мақұлдайды.

Ілияс Өсеров, қала әкімнің орынбасары:

- Бір жобаға бір адам дауыс беру мүмкіндігі бар. Ең көп дауыс жинаған жобалар жоғарғы сатыда тұрады. Соларды бірінші қараймыз. Әр ауданға 500 млн теңгеге дейін лимит тұрады. Деңгейі жоғары жобалар бірінші қаржыландырылатын болады.