Хабар телеарнасы

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында қазақстандық сайлаушылардың 77,4% дауыс берді

Еліміздің барлық аймағындағы сайлау учаскелерінде сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санап жатыр. Заң бойынша сайлау біткеннен кейін 12 сағаттың ішінде дауыстар саналып бітуі тиіс. Ертең таңғы сағат 08:00-де сайлаудың алғашқы нәтижелері белгілі болады.

Еске салайық, сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші бойынша, Алматы облысы көш бастаған болатын – 89%. Артынша Түркістан өңірі мен Ақтөбе облысы үштікті түйіндеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Алматы қаласы бойынша сайлаушылардың 52,2%, Шымкент қаласы бойынша 67,6%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68,9% дауыс беруге қатысты.