Сюжеттер

Мәжілісте міндетті әлеуметтік сақтандыру жөніндегі заң жобасы қаралды

Мәжілісте міндетті әлеуметтік сақтандыру жөніндегі заң жобасы қаралды

Келесі жылдан еңбекке қабілеттілігін жоғалтып, асыраушыдан айырылған және жұмыссыз қалған азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 30% өседі.

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда тиісті заңды мақұлдады. Бұл өтемақыны 2020 жылы 200 мың қазақстандық алуға құқылы. Мүгедектігі бар адамдарға еңбекке жарамсыздығы үшін берілетін төлем мөлшері тікелей медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде белгіленеді. Ал асыраушысынан айырылған азаматтарға жәрдемақы оның қолындағы адам санына байланысты 10-нан 20% дейін өседі. Жұмысынан айырылғандарға өтемақыны 30-дан 40% көтеріп, бұрынғыдай 4 ай емес, жарты жыл төлеу қарастырылған. Аталған жәрдемақыларды 30% көтеру Елбасының тапсырмасы болған.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Жаңа келетін және қазіргі төлем алушылар арасында шиеленісті болдырмау үшін асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемді алып жүрген азаматтар үшін жаңа өзгерістерді қолдана отырып, бір реттік қайта есептеу жүргізуді ұсынамыз.