Телехикаялар

«Topjarǵan»

Дүйсенбі, 30 Шілде 2018 18:51

«Topjarǵan» – әлем бойынша жүзден аса жобаны жүзеге асырушы Armoza Formats (Израиль) компаниясына тиесілі жаңа әлемдік форматтағы музыкалық шоу.

Жобаның басты ерекшелігі – алғашқы эфирде ақтық мәреге дейін өзінің үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалу үшін сайысатын төрт мықты орындаушының белгілі болуы.

Әр бөлімде жаңа қатысушылар финалист атану үшін үздік төрттіктің біреуін жекпе-жекке шақырады.

Ақтық сында Сайыс жеңімпазы атағы үшін төрт финалист бір-бірімен жарысады.

 

«Кім мықты?»

Дүйсенбі, 16 Сәуір 2018 19:28

«Хабар» арнасы жуырда екі буын өкілдері сайысатын «Кім мықты?» бағдарламасын ұсынады. Тың жобаның мақсаты – көрерменге аға буын мен жастар арасындағы айырмашылықты, яғни олардың зияткерлігін, көзқарастарын, түсініктерін көрсету.

Бағдарлама арқылы көрермен өмірге басқа қырынан қарауға мүмкіндік алады, сондай-ақ кейінгі ұрпақ өкілдері классикаға, тарихқа, мәдениет пен дәстүрге тереңірек үңіледі. Ал аға буын керісінше, заманауи мәдениеттен, гаджет, жаңа технологиялар мен сәннен хабардар болып, қазіргі заман ағымынан еш қалыспайтындарын дәлелдейді.

Жоба туралы: Командалар арасында түрлі тақырыптағы логикалық тапсырмалардың шешімін табуға бағытталған интеллектуалды викторина.

Қатысушылар: Әр командада үш-үштен 16-25 және 45-65 жас аралығындағы буын өкілдері.

Жанры: Интеллектуалдық ойын-сауықтық бағдарлама.

Ұзақтығы: 30-40 минут.

«Жұлдызды жекпе-жек». II маусым

Дүйсенбі, 26 Наурыз 2018 17:48

Қазақ эстрадасында төбе көрсетіп жүрген әншілердің қарым-қабілетін тыңдарман қауымға бүкпесіз жеткізетін бірден-бір бағдарлама – «Жұлдызды жекпе-жек» жобасы.

«Сырластар»

Сәрсенбі, 21 Ақпан 2018 14:58

«Хабар» арнасы көрермендеріне тағы бір комедия жанрындағы телехикаяны ұсынбақ. «Сырластар» деп аталатын телетуынды ақпанның 26-нан бастап эфирге жол тартады. Онда қазіргі қоғамда өзекті саналатын ене мен келін, ана мен бала, ер мен әйел арасындағы байланыс жан-жақты суреттеледі.

Оқиға перзентханада бір күнде босанған үш әйелдің танысуынан басталады. Кейін олар достасып, белгілі бір жерде бас қосып, әрқайсысы өз мұңымен, сырымен бөлісіп, шер тарқатып тұрады.

Кейіпкерлердің тағдыры, қуанышы мен толғанысы көрермендерді бейжай қалдырмасы анық. Себебі телехикаядағы әрбір көрініс қызықты қалжың, әдемі әзілмен әспеттелген.

«Сырластар» телехикаясы 26 ақпан күні 15.45-те көрермен назарына ұсынылады.

RSS арнасына жазылу