Тележобалар

«Миллион кімге бұйырады?»: сенбі, 20:15

«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасы алғаш рет 2001 жылы 19 мамырда эфирге шықты. Сол сәттен бастап аталмыш шоу көпшіліктің көңілінен шыққан ойынға айналды.

Биыл «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының жүлде қоры екі еселенеді. Яғни студияда 15 сұраққа мүдірмей жауап берген ойыншы 10 миллион теңгенің иесі атанады. Ал бағдарламаны танымал жүргізуші, журналист Досымбек Өтеғалиев жүргізеді.

Бағдарламаға 10 ойыншы қатысады. Оларға іріктеу кезеңінің сұрағы қойылады. Алдарында тұрған планшет арқылы дұрыс жауабын жылдам тапқан ойыншы ортаға ойынға шығады.

Әр ойыншыға үш жеңілдік беріледі: «50/50» – компьютер жауаптың екі қате нұсқасын алып тастайды; «Досқа қоңырау шалу» – ойыншы досына қоңырау шалып, 30 секундтың ішінде ақылдаса алады; «Көрермен көмегі» – залдағы әр көрермен өзі дұрыс деп есептеген нұсқаны белгілейді, ойыншыға дауыс беру статистикасы көрсетіледі.

«Миллион кімге бұйырады?» ойынына қатысу үшін 3698 қысқа нөміріне «К1» кілт сөзін жіберу керек. Содан кейін сұрақ қойылған хабарламадағы 4 нұсқасының біреуін таңдап, жауап беру қажет. Егер қойылған сауалға дұрыс жауап берілсе, бағдарламаға шақырту аласыз.

«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасы әр сенбі сайын сағат 20:15-те «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.