Хабар телеарнасы

«Мисс Қазақстан»

«Мисс Қазақстан» бұл көптеген бойжеткендердің жұлдызды қадамдарын нақтылайтын, жаңа үміттердің ақталатын, айрықша мүмкіндіктер сыйлайтын ұлттық байқау.

Конкурсты алғаш рет 1997 жылы San Bell агенттігі ашқан болатын. Қазір бұл іс-шара ел ішінде дәстүрге айналып кетті. Биыл 19-шы рет ұйымдастырылатын байқауға аймақтық кастингтен өткен 30 үміткер қатысып, бақ сынайды.

Жеңімпаз 5 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болып, «Әлем Аруы» халықаралық байқауына Қазақстан Республикасының атынан қатысуға жолдама алады.

Нәзік әрі ерке қыздардың сұлулығын, дарынын бағалайтын әділ-қазылар құрамында әйгілі скрипкашы, Қазақстанның халық артисі Айман Мұсақожаева, байқау президенті Алена Ривлина-Қырбасова, Аружан Сайын, Әсел Сағатова, Әнуар Нұрпейісов, Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров пен Илья Ильин де бар.

Дәстүрлі қағидаларды сақтай отырып, байқау бірегей интернет-дауыс беру элементін қосты.

2015 жылдың 10 желтоқсанында еліміздің бірінші аруын қазақстандықтар «Бейбітшілік және келісім» сарайында тікелей телевизиялық трансляция арқылы онлайн және SMS-дауыс беру арқылы анықтайтын болады.