Хабар телеарнасы

«Turkvizyon» - 2015

6 қараша күні Астана қаласында, Бейбітшілік және Келісім сарайында Үшінші Халықаралық «Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді.

Қазақстандық танымал өнер майталмандары мен шоу-бизнес өкілдері қазылық етіп, Ыстамбұл қаласында өтетін халықаралық «Tukvizyon-2015» ән байқауының финалында өнер көрсететін үздік әнді анықтайды. Байқау талаптарына сәйкес орындайтын ән бұрын Түркі халықтарының тілінде ешбір жерде орындалмаған жаңа ән болуы керек.

2015 жылы ұйымдастырушылар байқаудан жаңа хит әндер күтеді. 6 қараша күні Астанада «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің жеңімпазы анықталады. Халықаралық дәрежедегі ән байқауының Гранд-финалы Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді.