Хабар телеарнасы

Central Asia's Got Talent: Қатысушылар халықаралық қазылар алқасының алдында өнер көрсетті

Енді қазылар алқасының сынынан кейін жартылай финалға жолдама алады. Мұндай қазылық іріктеу кезеңі Өзбекстан мен Тәжікстанда да өтті. Біздің елден кейін қырғызстандық өнерпаздар жобаның екінші кезеңін еңсереді. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемге танымал жоба елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда. Жобаның соңғы сайысы 22 желтоқсанда «Хабар» арнасының тікелей эфирінен Орталық Азия елдеріне көрсетіледі. Жеңімпазға 10 млн теңге табысталады.

Гүлнұр Сатылған, қазылар алқасының мүшесі /Қырғызстан/:

- Негізі мен осы жобаның Орта Азияға келгеніне қатты қуандым. Себебі қатысқан 4-5 мемлекеттің бұрыш-бұрышынан таланттар келеді. Сондықтан олар үшін келешекке бір жақсы жол ашады. Өйткені ел арасында таланттар көп.

 Жарнама орналастыру жөніндегі сауалдар бойынша байланыс телефон нөмірлері: 8/7172/ 757 554, 757 556