Өзекті

«Хабар» Агенттігі Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясымен әріптестік меморандумға қол қойды

«Хабар» Агенттігі Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясымен әріптестік меморандумға қол қойды

«Хабар» арнасының ақпараттық аясы кеңейді.

«Хабар» Агенттігі Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Басты құжат екі елдің бейнеконтент алмасып, жаңалықтарымен бөлісуіне жол ашады.

«Ведмоствааралық келісім бауырлас елдер арасындағы ақпараттық байланыстың жаңа бағытта дамуына негіз болады», – дейді «Хабар» Агенттігінің басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова.

Кездесуде тараптар сериалдар мен танымдық бағдарламаларды бірлесіп түсіру жағын талқылады. Алдағы уақытта журналистер өзара тәжірибе де алмасады. «Хабар» арнасы – Орталық Азия мемлекеттерінің арасында заманауи технологиялық мүмкіндіктері бар ірі медиаиндустрия.

Алмагүл Ахметжанова,«Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрайымы:

- Шын мәнінде біздің бір-бірімізге ұқсас жерлеріміз өте көп. Өйткені бұл екі ірі мемлекеттің медиа холдингі болып табылады. Мүддеміз де ортақ. Оған қоса биылғы жыл «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» деп белгіленді. Наурызда екі ел басшысы Астанада ынтымақтастық байланыстың тұсауын кесті. Соның аясында жаһандық жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл экономикалық байланыстың дамып, туризм мен мәдени әріптестіктің артуына негіз болады. Бүгінгі меморандум мәдениет саласындағы көптеген жаңа жобаның жүзеге асуына негіз болады.

Наргиза Нуманова, Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясының бөлім басшысы:

- Өзара әріптестік байланыс одан әрі дамып, тереңдей бермек. Екі ел арасында ортақ жоба жасалады. Ақпарат саласында жүрген қызметкерлер өзара тәжірибе алмасады, түрлі тренингтер өткізіледі. Мұндай кездесулер қос тарапта, яғни «Хабар» Агенттігі мен біздің Өзбекстандағы ұлттық телерадикомпания базасында да өткізілетін болады.

Last modified on