Өзекті

«Хабар» Агенттігінің Түркістандағы тілшілер қосыны ашылды

«Хабар» Агенттігінің Түркістандағы тілшілер қосыны ашылды

«Хабар» Агенттігінің тілшілер қосыны Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласына көшті.

Рухани астана Түркістаннан тәулік бойы хабар тарататын біздің тілшілер – Жандос Жұмабек пен Николай Путиллин және оператор Ерболат Әбішов көрермендерге тың ақпарат жеткізіп отырады.

Ал жаңа облыстың орталығы «Көне Түркістан» жобасымен дамитын болады. Сондай-ақ Түркістан қаласының шығыс бөлігінен жаңа қалашық салу үшін 670 гектар жер бөлініп отыр. Мұнда жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтереді. Көпқабатты тұрғын үйлер де осы маңнан салынады. Ал жаңарған, жаңғырған шаһардың әрбір сәті біздің тілшілердің де ұдайы назарында болмақ.

Жандос Жұмабек, «Хабар» Агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі:

- Көрермендерге айтарымыз, жаңадан құрылған Түркістан облысындағы әрбір өзгерістер, жаңалықтар, экономикалық-саяси, мәдени, әлеуметтік, т.б. саладағы жаңалықтар біздің назарымызда болады. «Хабар» және «Хабар24» телеарнасын әрдайым қарап жүріңіздер.

Last modified on