Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі мен CGTN видео және ақпарат алмасады

«Жібек жолы» – елу елдің жүзге жуық ұйымының басын қосып отырған қоғамдастық. Биылғы басты тақырып «Жаңа дәуір, жаңа жетістік, жаңа болашақ» деп аталады.

Форум аясында «Хабар» Агенттігі мен CGTN және тағы басқа қоғамдастық мүшелері видеоконтентпен алмасу жүйесін іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бұл жүйе – қатысушы елдерге бір тұғырнамада видео және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма Төрағасы:

- Жаңалықтар қызметі болсын, сериалдар мен деректі фильмдер болсын, кез келген контент біз үшін өте маңызды. Бұл сапар Қазақстан мен Қытай медианарығындағы байланысты бекемдей түседі деп сенеміз және бұл серіктестігіміз өз көрермендерімізге сапалы контент ұсынуға мүмкіндік береді деп сеніммен айта аламыз.