Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында «Большая неделя» бағдарламасы көрерменге жол тартады

5 мамырдан бастап әр жексенбі күні сағат 22:00-де «Большая неделя» бағдарламасы көрерменге жол тартады.

Иә, расында да ақиқат алаңына айналғалы тұр. Құқық қорғау органдары мен білім беру саласындағы реформалар, жемқорлыққа қарсы күрес. Қоғамды мазалайтын өзекті тақырыптар сарапшылардың қатысуымен тікелей эфирде талқыланады. Сайлау науқаны да назарынан тыс қалмайды. Қызу пікірталастарда түйткілді мәселелерді көтерумен қатар, оларды шешу жолдары ұсынылады. Ашық дебатты журналистер Айгүл Әділова мен Ерлан Игісінов жүргізеді.

Ерлан Игісінов, «Большая неделя» бағдарламасының жүргізушісі:

- Тікелей эфир болғандықтан, қызық болады деп ойлаймын. Өйткені бұл бағдарлама ешқандай монтаждан өтпейді. Қазіргі қоғамда болып жатқан ең өткір оқиғалар мен мазалап отырған мәселелерге арналады. Бағдарламаның тақырыптары өте маңызды. Жемқорлықтан бастап, қазіргі реформаларға дейін қозғаймыз.