Хабар телеарнасы

Индустрияландыру бағдарламасының алғашқы 5 жылдығы қорытындысынан арнайы хабар

Индустрияландыру бағдарламасының алғашқы 5 жылдығы қорытындысынан арнайы хабар

Ғылым мен техника жетістіктерінің арқасында салынып жатқан жолдар, зауыттар мен фабрикалар дамыған ірі мемлекеттермен теңесу мүмкіндігін беретінін қазақстандықтар жақсы түсінеді. Елбасының индустрияландыру бастамасы халық арасында кеңінен қолдау тапты.

Индустрияландыру бағдарламасының нәтижелерін бүгіннен-ақ байқауға болады. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы, ауыл және қала тұрғындарының тұрмыс деңгейінің жақсаруы - оған айқын дәлел. Тікелей диалог, жетістіктерді талқылау және болашақ бағдарламаларды бекіту. 25 желтоқсанда Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен жалпыұлттық телекөпір барысында аймақтар Елбасына 2014 жылдың және алғашқы бесжылдықтың нәтижесі бойынша қорытынды есеп берді.

Индустрияландыру картасы шеңберінде бірінші жартыжылдық ішінде 20-дан астам кәсіпорын қолданысқа тапсырылып, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Екінші жартыжылдық жоспары бойынша елімізде 100-ге жуық нысан ел игілігіне тапсырылуға тиіс. Жаңа өндірістер 8 мыңнан астам қазақстандықты жұмыспен қамтиды.

Тәуелсіздік сарайында айтулы еңбегімен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болған азаматтар жиналды, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  бойынша «Парыз» байқауы өтті.

ТОЛЫҒЫРАҚ