Хабар телеарнасы

Тигран Саркисян: ЕАЭО елдерінің экспорт көлемі артты

Бұл қадам тараптар арасындағы сауда-экономикалық байланыстың дамуына мүмкіндік беруі тиіс. Алыс-беріс аясын кеңейтуге екі жақ та мүдделі. Иранның сауда министрі Мохаммад Шариат-Мадаридің айтуынша, Ислам Республикасы бұл келісімге үлкен дайындықпен келіпті. 80 млн-нан астам халқы бар бұл ел: «Еуразиялық экономикалық одақ сынды алып нарықпен сенімді серіктес болу үшін бар жағдайды жасаймыз», – деп отыр. Ол үшін тіпті әкімшілік кедергілерді де жоюға әзір екен.

Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

- Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы жалпы сауда көлемі 2017 жылы 2,7 млрд АҚШ долларына жетті. Соңғы 5 жылдың статистикасына сүйенсек, Одақ елдерінің экспорт көлемі артқанын байқаймыз. Бұл – ауыл шаруашылығы шикізаты, азық-түлік өнімдері және минералды өнімдер. Ираннан өз өнімдерін Одақ елдеріне тұрақты импорттайды. Соңғы жылы химия саласы бойынша өнімдердің тасымалы айтарлықтай артты.