Хабар телеарнасы

Митио Каку: Төртінші ғылыми революция экономиканың өсуіне алып келеді

Астаналық экономикалық форумында талқыланған тағы тақырып – роботтану үрдісі. Ол адамзатты қайда жетелейді? Өркендеуге апара ма? Әлде жаппай жұмыссыздық белең алуы мүмкін бе? Танымал футуролог Митио Какудың пайымдауынша, роботтану заманында еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болады. 

«Осы орайда адамзаттың қайта машықтануы мен біліктілік деңгейін арттырып отыруы маңызды», – дейді ғалым.
Митио Каку, футуролог
-Біз бұл технологияларды барынша қолдауымыз қажет. Жасанды интеллект жаңа мамандықтар мен жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Ал оны қолданбайтын компаниялар банкроттыққа ұшырайды. Сондықтан бұл мүмкіндіктерді пайдаланып, көшке ілескеніміз жөн. Дәл осы төртінші революция экономиканың өсуі мен әл-ауқаттың артуына себеп болады.