Хабар телеарнасы

7 Қаңтар бойынша барлық жаңалықтар

Хабар жаңалықтары

7 қаңтар 2020 жыл - 19:30 Қорытынды жаңалықтар

Жаңалықтар топтамасының бұл шығарылымында:

  • Медициналық сақтандыру қорына жарналар қалай төленеді?
  • Шымкентте 30 мыңнан астам отбасы АӘК алуға ниетті
  • СҚО-да АӘК алуға 33 өтініш қабылданды
  • Жастар жылында 9,5 мың жас бизнес грантын иеленді
  • Қызылорда облысында 5 әлеуметтік нысан мен 12 көше жөнделді
Хабар жаңалықтары

7 қаңтар 2020 жыл - 12:00 жаңалықтар топтамасы

Жаңалықтар топтамасының бұл шығарылымында:

  • Мемлекет басшысы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
  • Алматыда кафедральді собор қайта жөндеуден өткізілді
  • Елімізде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың ережесі өзгерді
  • СҚО-да АӘК бойынша 33 отбасының өтініші қабылданды
  • Мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдеу бойынша құжаттар қабылданып жатыр
Қазақстанның басым аумағында қар жауады

Қазақстанның басым аумағында қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батыс, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман бақыланады.