Жоба туралы

«Қарақатпен шай»: жексенбі, 13:00

Қарақат Әбілдина көрерменімен жаңа жобада қауышады!

Қарақат танымал өнер иелері мен елге белгілі азаматтардың, өзге де өнегелі тұлғалардың қызметі, қызығушылығы, жеке өмірі, табыс сыры туралы шай үстінде сұxбаттасады. Одан бөлек «Қарақатпен шай» арқылы олардың өміріндегі маңызды кезеңі мен оқиғалары да әңгімеге арқау болмақ.

Жобаның ерекшелігіне келсек, бұл – бір жағынан телевизиялық, екінші жағынан интернет шоу. Себебі патша көңілді көрермен «Қарақатпен шай» қонағына бағдарламаның ресми парақшасында Instagram және Facebook желісі арқылы тікелей эфирге шығып, өзін қызықтырған сауалды қоя алады.

Әр жексенбі сағат 13:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар! Қапы қалмаңыздар!