Жоба туралы

«Қазақ аруы 2019» ұлттық байқауы

«Қазақ аруы 2019» ұлттық байқауы

«Қазақ аруы» байқауының 2019 жылғы жеңімпазы кім болады?

Биыл да Наурыз мейрамы қарсаңында дәстүрлі түрде еліміздің «Қазақ аруы» анықталады. Алтын тәж кімге бұйырады екен?

Бұл жолы еліміздің әр өңірінен барлығы 18 бойжеткен сынға түседі. Додаға талап бойынша сұлулығы мен білімділігі үйлесім тапқан, ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білетін қыздар қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақ аруы» бұған дейін 8 рет өткізілген болатын. Хас сұлулар конкурсының тәжін Ләззат Қалдыбекова, Айғаным Өтепбергенова, Әйгерім Қанатбаева, Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова, Альмира Ахатова, Нұргүл Асанова және Нәбира Рақымжанқызы иеленді.