Жоба туралы

«Сені іздедім» реалити шоуы: сенбі, 11:50

«Хабар» арнасында шаңырақ көтерудің маңыздылығын ата-аналардың тәжірибесі арқылы насихаттайтын жаңа бағдарлама!

Қазіргі таңда отандық телеарналарда қыз бен жігіттің танысуы, қарым-қатынас орнатуына бағытталған бағдарламалардың саны шексіз. Аталмыш жоба ерекшелігі – екі жастың қарым-қатынасы ата-ананың жіті бақылауында болуы. Яғни, келінді ата-ана өздері іздеп таңдайды. Қазақтың бұрынғы «атастыру» салтын еске салатын, бірақ қазіргі заманғы жағдаймен қамтылған сипатта болмақ.

Сондай-ақ тарихи, мәдени бай еліміздің дәстүрі мен әдет-ғұрпының алуан түрлілігі көрсетіледі.

Бағдарлама туралы толығырақ айтар болсақ, жобаға үйленуге жасы келсе де, ынтасы келе қоймаған бойдақ баласына қалыңдық іздеуге кіріскен ата-аналар қатысады. Туыс, таныстардың ұсынысы бойынша үш қалыңдық таңдалады. Алдымен таңдалған үш қызбен жақынырақ танысып, олардың қайда жұмыс істейтіні, кіммен дос, үй шаруашылығына қаншалықты пысық, қандай жерлерге барады, т.б. салалар бойынша сынап көруге кіріседі.

Әр кейіпкердің оқиғасы бір бағдарламаға созылады және әрқайсысының оқиғасы бір-біріне ұқсамайды.