Хабар телеарнасы

«Жұлдызды жекпе-жек». II маусым

«Жұлдызды жекпе-жек». II маусым

1 сәуір күні бағдарламаның екінші маусымы басталды. Ендігі маусымда осыған дейін бағдарлама тарапына айтылған сыни пікірлер ескеріліп, кемшін тұстары жетілдірілген.

Естеріңізде болса, өткен маусымда ән сайысына қатысушыларға үшінші әнді бағдарламаның модераторы таңдайтын. Бұл жолы әншілер халық әндерін немесе ретро әндердің бірін өздері таңдап орындайды. «Жұлдызды жекпе-жектің» әр бағдарламасында бір дәстүрлі әнші қонақ ретінде өнер көрсетеді. Оған да қойылатын талап жоқ емес. Әнді жанды дауыста орындауы қажет. Бұл да – көрермендердің қалауы.

Айта кетейік, негізгі сайысқа қатысушылар әлеуметтік желі арқылы жүргізілген сауалнама арқылы таңдалған. Озат шыққан 16 қатысушының үздігі алдағы 13 бағдарламада анықталады. Сондай-ақ өткен маусымда бақ сынаған әншілер бұл маусымға қатыспайды.