06:00 Далее в эфире: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Аскар Дуйсенби

Аскар Дуйсенби

Сценарист

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз елді мекенінде туған. Филология ғылымдарының кондидаты, доцент. Доктор Ph.D  «Хабар» телеарнасының редактор-сценаристі. Алғашқы бағдарламалары: «Тіл тірегі», «Атамекен» бағдарламасы және арнайы жобалар. «Хабар» басшылығының тарапынан «Үздік жұмыстары үшін» мақтау қағаздарын алған. 

Шығармашылықтың барлық түрі, әсіресе тарихи-этнографиялық кітаптар оқиды. Бос уақытында футбол ойнап,  оны телеарнадан тамашалайды. Классикалық, спорттық киім үлгілері ұнайды. Ұлттық тағамдардың түрі және палауды жақсы көреді. «Музыка - өмірімнің бір бөлшегі», - дейді Асқар.

Өмірінің жарқын беттері көп. Соның бірі - 2005 жылы Түркияның Стамбул қаласы арқылы Сивасқа фестивальға барғанда багажының қырғыз аэропорты қызметкерлерінің салғырттығынан Чилиге ұшып кетуі. Абырой болғанда, алдында ғана Қазақстаннан барған делегация өкілдерінің сый-сияпатқа берген шапандарын жамылып, Ашық Вейсель ақын атындағы жыр фестивалін өткізді. «Осындайда қазақ халқының сыйлық беруге сыбанып, берген соң да қуанып тұратын қасиетіне бас июден басқа амалың жоқ екеніне сүйсінесің», - деп күлімдеп еске алады Асқар. 

Қарапайымдылығы мен білімділігін теңдей ұстайтын, жақсыны ағалай, барды бағалай алатын ізет пен аузына күзет қойып сөйлей алатын адамдарды құрметтейді. Өзімшіл, өзінде жоқты көре алмайтын, барды бере алмайтын көлеңкесі елге тұрмақ, жерге түспейтін адамдарды жаратпайды. Арманы - ойлаған мақсатқа, жоспарлаған іске жету. Ұлт үшін пайдасы тиетін жандарды бөле жармайды! Ғылымда - Рахманқұл Бердібай, Әнде - Шәмші Қалдаяқ, Өлеңде - Мұқағали Мақатаевты үлгі тұтады.