Телеканал Хабар

Абдрахманов Рахымбек (1915-1989 жж.)

Абдрахманов Рахымбек (1915-1989 жж.)

Абдрахманов Рахымбек1915 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Кішітау селолық советіне қарасты Қазақстан колхозында дүниеге келді. Төрт класстық білім алды. 1939 жылы әскер қатарына шақырылды. Украинаның Донбас қаласында әскери борышын өтеп жүргенде 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысына аттанды. 1942 жылы Сталинградтағы жау әскерін қоршап, сол майданда мыңдаған неміс офицер солдаттарын қолға түсірді. Польша жерін азат етуге қатысып, ерлігі еленді.

1945 жылы желтоқсан айында аман-есен туған еліне оралды. «Славы ІІІ степени» орденімен, «За боевые заслуги», «За оборону Сталинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдарымен және басқа да құрмет бегілерімен марапатталды.

Жезқазған, Ұлытау өңірінің «Құрметті азаматы» атағына ие болды. 1989 жылдың мамыр айында дүниеден өтті.

Авторы: Назгуль Амангельдинова