Телеканал Хабар

Абитов Бопа (1925-2002 жж.)

Абитов Бопа (1925-2002 жж.)

Ұлы жеңістің 75 жылдығын ауыр көрініспен қарсы аламын. Атамның естелігін тыңдағанда мен 12 жаста едім, көзіне жас алып отырып айтқандары әлі есімде.

Менің атам Абитов Бопа 1925 жылы 25 қыркүйек Жамбыл облысы, Шу ауданы, Алға ауылында туылған. Өз еркімен соғысқа аттанғанда небәрі 16 жаста болған, 1941 жылдың шілдесінде 133-атқыштар полкіне қатардағы жауынгер болып қабылданды. Сталинград, Витебск, Смоленск қалаларында жаумен бетпе-бет шайқаста болған. Соғыстағы жанқиярлық ерлігі мен өрлігін жиі еске алатын:

Төбеден жауған оққа қарамай «Отан үшін алға!» деген сөз бізге күш пен рух беріп, уралап жүгіріп, қасық қанымыз қалғанша соғысуды жауынгерлік міндетіміз деп санайтынбыз.

1944 жылдың 13 ақпанында кезекті шайқаста оң аяғынан ауыр жараланып, II топтағы соғыс мүгедегі болып оралады. Қолына таяғын алып, туған ауылында қант қызылшасын өсірумен айналысып, бүгінде 94 жастағы жанжары Мұсабекова Күлтән апамызбен қосылып, дүниеге үш ұл, төрт қыз әкелген. «Ұлы отан соғысындағы ерлігі» мен «Ұлы жеңістің 30, 40, 45 жылдығы» медальдары және «Социалистік жарыс екпіндісі» марапатының иегері. Бүгінде Мен атамды сағынышпен еске аламын, атам 2002 жылы 12 қыркүйекте 77 жасында өмірден өтті. Бұл естелікті айтып жазу менің немерелік міндетім деп санаймын!

Авторы: немересі Райсов Меруерт Мұратқызы