Телеканал Хабар

Сәмен Құрманәлиев

Сәмен Құрманәлиев

Әкем 1942 жылы 10 қыркүйекте Шаян аудандық әскери комиссариатынан соғысқа аттанады. Алғашқыда 49-атқыштар ротасына қабылданады. 1942 жылдың қараша айында Сталинград майданында алғашқы понтон-көпір бригадалары құрыла бастайды. Арнайы жасақтың мақсаты – канал, өзен мен көлдер сияқты ірі су нысандары үстімен әскери құрам және техниканы өткізетін уақытша көпірлер салу. Әкем осындай 12-ші әскери понтон-көпір батальонының құрамында жеңісті жақындатуға атсалысады.
Ол Ленинград майданынан бастап бірінші Украина майданына дейінгі даңқты шайқас жолынан өтіп, интернационал батальонының құрамындағы 92 бөлімде Жапон соғысына да қатысады.

Отан қорғау жолындағы ерен еңбегі мен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» және «Германиядағы жеңісі үшін» медальдарымен марапатталған.
Оң иығынан жарақат алған әкем Жеңіс күнін майдандастарымен бірге қарсы алып, елге 1947 жылы оралады. «Мал бордақылау» елді мекенінде колхоз бастығы, агроном болып қызмет етеді. Қазіргі уақытта 103 жастағы тыл ардагері Орынбасар анамызбен бірге 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді.

Автор: қызы Нұргүл Құрманәлиева