Телеканал Хабар

Әлімов Мұхамметнұр

Әлімов Мұхамметнұр

Әлімов Мұхамметнұр 1924 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы қаласы Райымбек ауданында қарапайым қазақ шаңырағында дүниеге келді. Жастық шағы елдегі таршылық заманға тұспа-тұс келсе де, білім алуға құштар болды. Ол қазіргі Семей қаласындағы қаржы техникумының қаржы бөлімін тәмамдады. Оқуда көрсеткен зеректігі мен алғырлығы жас жігіттің болашақ өміріне тірек болды.

Әлімов Мұхамметнұр қаншама жыл ел игілігіне аудандық қаржы бөлімінде бас бухгалтер болып еңбек етті. Бозбала сұрапыл соғысқа тұспа-тұс ғұмырнамасында Ұлы Отан соғысына 1941 жылы бастала сала аттанды. Отан алдындағы борышын абыроймен ақтап, жеңіспен 1945 жылы елге оралады.

1946 жылы аяулы жары Ажар Ысқаққызын жолықтырып, шаңырақ көтереді. Сегіз қыз, үш ұлды тәрбиелеп жеткізеді. Текті елдің өнегесін көрген ұрпақ бүгінде ата үмітін ақтап, өсіп-өніп жатыр.

Әлімов Мұхамметнұр 1982 жылдың 30 желтоқсанында 58 жасқа қараған шақта дүниеден озды.

Авторы: Лаура Өсіпбаева