Хабар телеарнасы

Қыстаубаев Мыңатай Бурабекович (1922 жылы туған)

Kystaubayev Mynatay

Қыстаубаев Мыңатай Бурабекович 1922 жылдың 1 мамырында өмірге келген. Туған жері& Қаз ССР Жамбыл облысы,Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы.
Оқу орны: Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында Қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген (1954-1961 жж.).
Атам – майдангер-публицист, балалар ақыны, сатирик.
Кітаптары:
1. «Күлкілі өлең,қызық мысалдар» (1961);
2. «Батырдың баласы» (1963);
3. «Аспаз»(1967);
4. «Тұзды ботқа» (1966);
5. «Бос қалта» (1970);
6. «Қызық-ай» (1978);
7. «Жиырмасыншы ғасырдың қазағымын» (2019);
Поэмалары:
1. «Қарынбай»;
2. «Қаратау».
Соғыс кезінде Германия, Польша, Чехословакия елдерінде болған.

Қызыләуіт ауылының мектебі Мыңатай атамның атына берілген. Өмірінің соңына дейін ақындықпен айналысып, өз өмірін мұғалім болып, балаларға білім беруге арнаған. Менің түп нағашы атамның аты өшпес үшін атамның өмірін әр жан білсін деймін.

Авторы: Абдраш Еңлік Нүркенқызы