Көркемдік кеңес
Құрметті серіктестер!
Қазіргі уақытта және 2022 жылғы 25 ақпанға дейін мынадай жанрлар бойынша телевизиялық бағдарламалар жобаларына өтінімдер қабылдау жүргізілуде:
- әзіл-сықақ бағдарламалары;
- әлеуметтік роликтер (патриоттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, адамгершілік қасиеттер);
- танымдық білім беру бағдарламалары;
- деректі фильмдер.
2023 жылға арналған телехикаяларға өтінімдер қабылдау 2022 жылғы 1 қыркүйекте басталып 1 қарашаға дейін жалғасады. Толығырақ ақпарат көрсетілген күндерге жақын орналастырылады.
Назар аударыңыз!
Өтінімдер тек мынадай құжаттар болған кезде ғана қарауға қабылданады:
- ұсынылып отырған жобаның толық тұжырымдамасы (жобаның мақсаты мен міндеттерін, жанрын, хронометражын, нысаналы аудиториясын көрсете отырып);
- сценарий жоспарының кеңейтілген синопсисі;
- портфолио;
- шығармашылық құрам туралы ақпарат (бағдарлама жүргізушісі, продюсер, режиссер, сценарист, редакторлар);
- телевизиялық материалдың пилоттық жобасы (Көркемдік кеңестің қосымша өтініші бойынша);
- ілеспе хат.
Өтінімдерді 000001, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к-сі, 4, «Хабар» Агенттігі» АҚ мекенжайына немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. пошталық мекенжайына жіберуге болады.