Хабар телеарнасы

«24KZ»

2012 жылы 1 қыркүйекте Қазақстандағы тәулік бойы жұмыс істейтін тұңғыш ақпараттық арна - «24KZ» өз жұмысын бастады, ал 2016 жылдың 1 қыркүйегінен ол «Хабар 24» деген жаңа атаумен эфирге шықты. Құрылғанынан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы «24KZ» арнасының атын ауыстыру – Агенттікті қайта жаңғырту аясындағы шаралардың бірі. Арна эфирінде сапалы сараптамалық бағдарламалардың қатары ұлғайып, репортаж жанрындағы бағдарламалардың үлесі артты, сондай-ақ аймақтардың тыныс-тіршілігі туралы жобалар көбейді. Жаңалықтардың жаршысы болып табылатын арнаның дәстүрлі айдарлары: экономикалық, спорттық және халықаралық шолулар, баспасөзге шолу, арнайы авторлық репортаждар мен көптеген басқа да салалардың саны артты.

Арна Қазақстандағы ақпараттық арналардың ішінде аймақтық және халықаралық тілшілер қосынының көптігімен ерекшеленеді. «24KZ» телеарнасының эфирінде 100% отандық өндірушілердің жобасы көрсетіледі, оның ішінде, ақпараттық-танымдық және сараптамалықтар бағдарламалар көп. Телеарна аудиториясын 25 жастан асқан көрермендер құрайды. «Хабар» агенттігі «24KZ» арнасымен бірге Euronews Network-тің серіктесі болып табылады. Бұл екеуара жаңалықтар контентімен алмасып, еуропалық әріптестердің шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік береді.

Аймақтық тілшілер қосыны:

Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Түркістан.

Халықаралық тілшілер қосыны:

АҚШ, Бельгия, Германия, Түркия, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Франция.

Хабарласу үшін: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй

«24KZ» телеарнасының жаңалықтар бөлімі: +7 (7172) 757-485

«24KZ» телеарнасының бағдарламалар бөлімі: +7 (7172) 757-647

Коммерциялық дирекция +7 (7172) 757-556