«Топ тартыс» – Қазақстанның танымал өнерпаздары бас қосатын музыкалық-ойын-сауық шоуы.
Бағдарламада екі топ өзара сайысқа түсіп, түрлі жанрдағы әндерді ерекше форматта орындайды. Қатысушылар вокалдық шеберлігі мен сахналық өнерін көрсетіп, көрермендерді тың қойылымдарымен таңғалдырады.
Музыкалық жекпе-жектердің жеңімпаздарын студия көрермендері анықтайды. Әрбір жеңіс топты маусымның басты жеңісіне жақындатады.
«Топ тартыс» – музыка, бәсеке және жарқын эмоция тоғысқан ерекше шоу!