«Хабар»
«Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасының заманауи медиа кеңістігінде халыққа қоғамда орын алған жайттар туралы жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды үздіксіз әрі жедел ұсынатын ақпараттық-телевизиялық агенттік болып табылады.
Бүгінгі медиакеңістіктегі «Хабар» телеарнасы – саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүр көпірі іспетті. 27 жылдық тарихында мемлекеттік ақпарат саясатының ең сенімді қайнаркөзі атауына ие болды. «Хабар» арнасы қазақ және орыс тілінде ондаған телехикаялар ұсынуда. Ортатәуліктік эфир тізбегінде арнаның өз өнімдерімен қатар серіктестерінің дайындаған жобалары, көркем және деректі фильмдер бар. «Хабар» арнасы дәстүрлі түрде Олимпиада ойындары, Әлем Чемпионаттары және т.б. әлемдік деңгейдегі спорт шараларының тікелей көрсетілімдерін ұйымдастырады. Сондай-ақ басқа да: «Оскар» ұсыну салтанаты, «Еуровидение», «Вена филармониялық оркестрі» және т.б. айтулы шараларды да қалт жібермейді. Ал техникалық және шығармашылық қордың арқасында еліміздің әр өңірінен маңызды саяси, мәдени және спорттық шараларды көрсетуге мүмкіндігіміз бар.
Әр жаңа телемаусымда біздің арна жаңа жобаларға дайын. Айтар болсақ, Қазақстандағы тұңғыш «Eco meken» экологиялық реалити-шоуы, сондай-ақ отбасыдағы әке рөлінің маңызын ашатын «Әке бақыты» бағдарламасы. Қоғамның ең маңызды және өзекті мәселелерін қаузайтын – «Отдел журналистских расследований». «Бизнеске бағыт» - бизнес жүргізудің алғышарттарын ұсынатын телевизиялық форматтағы тұңғыш бағдарлама. Қазақстандық жұлдыздардың жаңа бейнесін ашатын – «Dala battle» бірегей бағдарламасы. «Хабар» арнасы әлі де жаңа арнайы жобалар дайындауда. Әйгілі тұлға Роза Бағланова жайлы тұңғыш телехикая («Бұлбұл»). Рейтингтер мен көрермендердің пікірлеріне сүйене келе, «Бауыржан Момышұлы» және Семей ядролық полигоны жайлы «Полигон 2: Операция «Сапфир» тұңғыш қазақстандық телехикаясы еліміздің алтын қорына енуге лайықты. Отбасы құндылықтары, салт-дәстүр жалғастыру, жастар жауапкершілігі, бала тәрбиесі, патриоттық, өзара сыйластық пен адамгершілік сияқты құндылықтарды суреттейтін «Келінжан», «Пәленшеевтер» және тағы басқа отандық телехикаялар да көрерменнің жүрегіне жол тапқан болатын.
Редакция ұжымы эфир тізбегін жаңартып, көрерменге ең қызықты және жарқын өнімдер ұсынуға тырысуда. 2013 жылы «Хабар» телеарнасы жаңа 16:9 кең экранды форматқа көшті. Жаңалықтар мен бағдарламалар эфирге астаналық «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінен шығады.