Тұрақты даму
«Хабар» Агенттігі» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылды
2023 жылдың 3 қазанында «Хабар» Агенттігі» АҚ БҰҰ Жаһандық шартына қосылды. Осылайша Агенттік бұл бастаманы қолдаған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз медиа-агенттік болып отыр.
Жаһандық шарт – бизнесті қоғамның, қоршаған ортаның және планета болашағының игілігі үшін түрлендіруге арналған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы бизнеске арналған БҰҰ-ның халықаралық бастамасы.
Ұйымға қосылу үшін БҰҰ Бас хатшысының атына ресми хат жолданды, оған сәйкес «Хабар» Агенттігі» АҚ адам құқықтарын сақтау және бизнесті, қатысу өңірлерін, қоғамды неғұрлым әділ, экологиялық таза, инклюзивті дамытуға жәрдемдесу бойынша өзіне алған міндеттемелерін жария етіп, мойындайды.
Қатысушы мәртебесі компанияныңЖаһандық шарт қағидаттарынқабылдап, өзінің бизнес-моделіне енгізетінін және өз қызметінде БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа алатынын, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік есебінде прогресс туралы жыл сайынғы негізде есеп беріп отыратынын білдіреді.
БҰҰ-ның Жаһандық шарты компанияларға өз стратегиялары мен операцияларын адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және т.б. саладағы 10 негізгі қағидатқа сәйкес келтіре отырып, бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге көмектесетінін айта кетейік.Осылайша, ол қаржылық көрсеткіштерді арттыру үшін ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму қағидаттарын кеңінен қолданатын жаңа типтегі компаниялардыңтобына кіреді, бұл өз кезегінде ұзақ мерзімді перспективада компанияның құнын арттырады және оның қаржылық нәтижелерін жақсартады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қатысу қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік даму саласындағы саясат пен практиканы әзірлеу және іске асыру үшін бүкіл әлемде танылған тұжырымдамалық негіздерді пайдалану, жалпы проблемалардың практикалық шешімдерін табуға және оларға стратегиялық тәсілдерді әзірлеуге бағытталған неғұрлым табысты және жаңа әдістермен алмасу сияқты бірқатар практикалық артықшылықтар береді.
Анықтама үшін:
2000 жылдың шілдесінде басталған Жаһандық шарт тұрақты даму идеясын және бизнес ортадағы жауапты қатынастар практикасын ұстанатын компаниялардың қызметі үшін саяси платформа және практикалық негіз болып табылады.
Қазіргі таңда БҰҰ-ның Жаһандық шарты әлемнің 167 елінен 20 мыңнан астам жауапты компанияны біріктіреді. Орталық Азиядағы Жаһандық шарттың желісіне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 90-ға жуық қатысушы кіреді.