Жекпе-жек айтыс форматындағы бұл жоба қазақтың ең мықты, тапқыр, суырып-салма айтыскерлерінің басын қосып, ішінен үздігін анықтауға бағытталған. Негізгі мақсаты – қазақтың өткені мен бүгінін ұштастыра отырып, түрлі тақырыптар мен мәселелерді қозғау, айтыс өнерінің мәртебесін көтеру.