Ауыл өмірінің шынайы тыныс-тіршілігін бейнелеп, отбасы құндылықтарын арқау еткен жаңа туындыны жуырда «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.
Оқиға ауылдағы қара шаңырақтан басталады. Әнуар атаның үш ұлы бар. Бір жыл бұрын кемпірі дүние салған. Аналарының жылдық асына келгенде үлкен ұлының келіншегі Жібек көңіл-күйі түскен атасын көріп, ауылда қалуға шешім қабылдайды. Сол сәттен бастап қарашаңырақтың берекесі кіріп, ынтымағы артады.
Жібектің ролінде танымал актриса, әнші Кәмшат Жолдыбаева. Өзі де жар, келін, ана атанған актриса біраз жыл үзілістен соң түсірілім алаңына қайта оралды.