Миссия. Азаматтық диалог пен қоғамдық сананы қалыптастыруға ықпал ететін ақпараттық және мәдени ортаны дамыту арқылы Қазақстанның мүдделеріне қызмет ету, ұлттық құндылықтарды, мәдениет пен дәстүрлерді барынша дамытуға атсалысу.
Пайымы. Біз ұмтыламыз:
- қазақстандықтарды ұлттық бірегейлік төңірегінде біртұтас халыққа біріктіру, еліміз үшін жауапкершілікті арттыру және оның эволюциялық өсу жолында алға жылжуын ынталандыру;
- халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін маңызды ақпарат көзі бола отырып, бүкіл әлемге Қазақстан және оның даму жолы туралы кеңінен паш етуге күш саламыз.
Ұстанымдары:
1. Жауапкершілік және этика. «Хабар» – мемлекеттік телевизиялық Агенттік және жалған ақпарат таратуға, жанжалдарды қоздыруға, жаман әдеттерді насихаттауға жол бермей өз жұмысында әрқашан этика мен жауапкершіліктің жоғары стандарттарын ұстанады.
2. Қоғамдық диалогты дамыту. Біз – ашықтықты арттыру, демек, мемлекеттілікті нығайту үшін әртүрлі көзқарастар мен пікірлер алаңын ұсына отырып, қоғамдық диалогты дамытамыз.
3. Мәдениет пен білімді дамыту. «ХАБАР» көрермендерге сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға көмектесетін сапалы бағдарламалар мен хабарлар беру арқылы мәдени және білім беру кеңістігін жақсартуға белсенді ықпал етеді. «ХАБАР» көпұлтты Қазақстанның дамуына қолдау көрсете отырып, әртүрлі тілдерде өзіндік бірегей жобаларын ұсынады.
4. Инновациялар мен технологиялық прогресс. «ХАБАР» әрдайым даму үстінде, яғни ол заманауи технологиялық үрдістерді ұстанып, өз бағдарламалары мен хабарларының сапасын үнемі жақсарту үшін инновациялық тәсілдерді қолданады.
5. Топтық жұмыс. Біз командалық рухпен біріктірілген ұжым ғана өршіл мақсаттарға қол жеткізе алады деп сенеміз. Ынтымақтастықты, өзара түсіністік пен өзара көмекті ынталандыра отырып, әркімнің бірегей үлесін мойындай отырып, біз тиімділікті, шығармашылық пен инновацияларды ынталандыратын сенім, құрмет пен қолдау атмосферасын құруға тырысамыз.
Мақсаттары:
- 1-стратегиялық бағыт:
Сапалы, сұранысқа ие және бірегей контент құру;
- 2-стратегиялық бағыт:
Агенттіктің институционалдық дамуы.