«Балам үшін» – әр ата-ананың жүрегіне жақын әлеуметтік-медициналық жоба. Бағдарламада балалардың денсаулығы мен дамуына қатысты өзекті мәселелер қозғалады. Атап айтқанда: СДВГ, аутизм, созылмалы аурулар және балалардың қоғамға бейімделуі.
Эфир барысында күрделі тақырыптар қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіліп, білікті мамандардың кеңестері ұсынылады. Сонымен қатар ата-аналардың шынайы оқиғалары арқылы көрерменге психологиялық және медициналық қолдау көрсетіледі.