30 жылдық шығармашылық жұмыс Агенттікке көптеген мемлекеттік, халықаралық және кәсіби марапаттар әкелді. Агенттік журналистерінің шығармашылық жұмыстары EMMY және Ресейдегі «Алтын сөз» телевизиялық марапаттарының номинациясына ілінген. Сонымен қатар, Евразия телевизия және радио академиясының байқауларында, сондай-ақ Евразияның ақпараттық-мәдени кеңістігін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталған. Спорт редакциясының қызметкерлері халықаралық кәсіби марапаттарға ие болды. Агенттіктің жастарға арналған бағдарламаларының бірі — «Болашақ қаласы» — Жапониядағы халықаралық фестивальде әлемдегі үздік 10 бағдарламаның қатарына кірді. Севастопольдегі халықаралық фестивальде Агенттіктің бастамасымен түсірілген тарихи фильм «Бауыржан Момышұлы» лауреат атанды.
2019 жылы Агенттік тапсырысымен түсірілген «Алтыншы пост» сериалы «ТЭФИ – Достастық» премиясын жеңіп алды. Сондай-ақ, 2020 жылдың ақпан айында «Бейбітшіліктің бағасы. Батыс» және «Бейбітшіліктің бағасы. Солтүстік» деректі фильмдері, сондай-ақ «Күн астында ұшатын» фильмі «Страна» телевизиялық ұлттық премиясының IX маусымында «Үлкен ел» номинациясында финалист атанды.
2022 жылы «Хабар» арнасының Семей ядролық полигоны туралы түсірген тарихи сериалы Мәскеуде өткен Ресейдің Халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік телевизиялық мини-сериал» аталымында жеңімпаз болды. Сонымен қатар, Агенттік халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізіп, Азия-Тынық мұхитының Бұқаралық Ақпарат құралдары Одағымен (ABU) толық құқықты мүшесі болып табылады және Еуропалық Бұқаралық Ақпарат құралдары Одағымен (EBU) ассоциативті мүшелікке ие. Бұл Агенттікке жыл сайын түрлі байқауларға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға қатысу мүмкіндігін береді.
2018 жылдан бастап Агенттік «Junior Eurovision» («Балалар Евровидениесі») ән байқауына қатысып келеді. Онда Қазақстанның алғашқы қатысушы — Данелия Төлешова 6-орынды иеленді. 2019 жылы жалпы дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан өкілі Ержан Максим 2-орынды иеленді. 2020 жылы «Junior Eurovision» байқауында Қазақстанды Қарақат Башанова танытып, 2-орынды жеңіп алды. 2021 жылы Қазақстанды Бекнұр Жәнібекұлы мен Алинұр Хамзин танытып, 19 елдің арасында 8-орынға ие болды (Париж, Франция). 2022 жылы халықаралық байқауда Қазақстан Давид Чарлинді «Жер-Ана» әнімен танытты. Сонымен қатар, Азия-Тынық мұхитының Бұқаралық Ақпарат құралдары Одағымен (ABU) мүшелік Агенттікке жыл сайын түрлі шығармашылық байқаулар мен тренингтерге қатысу мүмкіндігін береді. Агенттік 2022 жылы «ABU Prizes 2022» және «ABU Song Festival» байқауларына белсене қатысып, Мәди Сыздықовтың «ABU Song Festival» 2022 жылға қатысуын ұйымдастырып, оған құрмет грамотасын және фестивальдің мүсіншесін алды.
2023 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен отандық сериалдардың «Наурыз-2023» премиясы өтті, онда «Келінжан» сериалы бірнеше номинацияда жеңімпаз атанды. «Хабар» Агенттігі 30 жылдық тарихында ақпараттық саясатты ең сенімді жеткізуші, саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттаушы болып табылатынын дәлелдеді. 2024 жылы «Хабар» Агенттігі Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарын ресми трансляциялау құқығына ие болды. Бұл Олимпиада «Хабар» үшін тек спорттық оқиға ғана емес, әлемдік деңгейдегі маңызды оқиға ретінде де өтті. Сонымен қатар, осы жылы «Хабар» Агенттігі Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми трансляторы болды. Бұл ауқымды шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы келіп, көшпенді халықтардың бай мәдени мұрасы мен дәстүрлерін паш етті. «Хабар» ашылу салтанатының тікелей трансляциясын қамтамасыз етіп, миллиондаған көрерменді ұлттық рәсімдер, музыкалық қойылымдар және театрландырылған көріністермен таныстырды. Қазіргі таңда «Хабар» Агенттігі үш арнадан тұрады: қазақ және орыс тілдерінде тарататын басты арна «Хабар», тәулік бойы жұмыс істейтін ақпарат арнасы «24KZ» және танымдық-ойын-сауық арнасы «EL ARNA». Агенттіктің бағдарламалары Қазақстанның әр түкпірінде қолжетімді, телеаудиторияны 100% қамтып отыр. Эфирде — өзекті жаңалықтар, қызықты сериалдар, көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ кез келген көрерменнің талабын қанағаттандыратын әртүрлі бағдарламалар бар. Орташа тәулік бойы тарату уақыты: «Хабар» – 20 сағат, «24KZ» – тәулік бойы спутник арқылы тарату, «El arna» – тәулік бойы. Бізді Қазақстанның кез келген түкпірінен көруге болады, спутник арқылы тарату бойынша телеаудиторияның қамтуы – 100%. Агенттікте бүкіл Қазақстан бойынша және жақын және алыс шет елдерде дамыған тілшілер желісі бар. Агенттіктің өкілдіктері АҚШ, БАӘ, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Малайзия елдерінде бар. Арналардың эфирлік тарату кестелері жаңалықтар, сериалдар, көркем және деректі фильмдер мен бағдарламаларды қамтиды.