Бағдарламада отандық және әлемдік аренада, сахнада жүрген күтпеген қонақтар болады. Қызыққа толы бағдарлама барысында қазақстандық өнер адамдарына тек жүргізуші ғана емес, көрермен де тікелей хабарласып, шынайы сұрақ қоя алады. Бағдарлама жүргізушісі – Алмас Тоғай. Әр дүйсенбі-бейсенбі сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалаңыздар! «КЕШREC» – түннің тыныштығында айтылар шындық пен жүректен шығар сыр.