Бұл түрлі салада жетістікке жеткен, танымал, айтары бар адамдардың тұлғалық бейнесін, өмірлік сабақтарын аша отырып, көрерменге үміт, мотивация және шабыт беретін портреттік тележоба. Әр кейіпкер – айна. Ал кейде көрермен сол айнадан өзін көреді. Іштей кейіпкер тағдыры мен өз тағдыры арасында параллель жүргізеді.