
«Азамат» бағдарламасы эфирге қайта оралады!
«Хабар» телеарнасының 30 жылдық мерейтойына орай талай мықты мамандарды тәрбиелеген «Азамат» бағдарламасы жаңа форматта көрерменге жол тартпақ!
Бұл жоба кезінде бір буынның санасында сақталып, көшбасшылық қабілетті шыңдап, шешендік өнер мен сыни ойлауды дамытуға ықпал еткен интеллектуалды алаң болды. Енді ол ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жаңаша серпінмен эфирге шығады.
Бұл жолы тізгінді «Азаматтың» түлегі, белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман ұстайды.