Жобаның әр шығарылымында Сәкен Майғазиев алдын ала дайындалған сұрақтарсыз топ мүшелері Мейрамбек немесе Кенжебекпен күтпеген жерден әңгіме бастайды. Сұхбат арнайы студияда емес, күнделікті өмірдің табиғи сәттерінде түскі ас кезінде, демалыста немесе дайындық барысында өтеді.
Мұндай формат кейіпкерлердің сахна сыртындағы болмысын ашып, көрерменге олардың шынайы эмоциясы мен табиғи реакциясын көрсетуге мүмкіндік береді.
Сәкен Майғазиевтің жеңіл әзілдері, еркін қарым-қатынасы және кәсіби шеберлігі бағдарламаның негізгі ерекшеліктерінің біріне айналады.