Хабар телеарнасы

Сүлеймен Шәңгерей (1923-1993 жж.)

Сүлеймен Шәңгерей (1923-1993 жж.)

Сүлеймен Шәңгерей Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Саралжын ауылында дүниеге келді. Жаңақала орта мектебінің 7 сыныбын бітіргеннен кейін Орал педагогикалық курсына түседі. 1941 жылы оқу орны жабылғаннан кейін, 1941 жылдан бастап Алтай қазақ жетіжылдық мектебінде физика-математика пәнінен сабақ береді.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысты. «І дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» медалімен және бірнеше мерекелік медальмен наградталды. 1946 жылы елге оралғаннан кейін халық ағарту саласында қызмет етті. 1959-1961 жылдары Ф.Энгельс атындағы мектепте директор, оқу ісінің меңгерушісі, физика-математика пәнінің мұғалімі болып зейнетке шыққанға дейін еңбек етті. Халық ағарту саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен наградталды. 1993 жылы 21 маусымда қайтыс болды.

Әкемнің әңгімесінен: Мен бір атқыштар батареясының командирі болдым, мен математикпін ғой, есептеп, оқты қай жерге, қандай жылдамдықпен ату керектігін есептеймін.

Әкем Еуропада, Молдова, Руменияда болған, бір әңгімелерінде сол елдердің халықтары туралы айтып отыратын.

Авторы: Әлия Сүлейменова