Хабар телеарнасы

Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, жел соғады

Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, жел соғады

Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі  температура  -3 , +3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде 2 желтоқсанда күндіз, 3 желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2-ден плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады. сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болыңыздар.