Хабар телеарнасы

ҚР ТЖК ауа райына байланысты тұрғындарға маңызды ескерту жасады

Толассыз жауған қар, көктайғақ жол және боран халықты әбден әбігерге салды. Осы тұрғыда еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті қандай шаралар атқарып жатыр? 

Руслан Иманқұлов, ҚР Төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі:

-Қазіргі уақытта желдің күшеюіне байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында дауыл туралы алдын ала ескерту жарияланды. Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, боран, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Осыған байланысты тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, аса қажет болмаса елді мекендердің сыртына шықпауын сұраймын. «ҚазАвтоЖол» РМК дерегі бойынша қазір ШҚО, ОҚО және Жамбыл облысындағы республикалық автожолдарда жүк пен жолаушы көлігінің қозғалысына шектеу қойылды. Әзірге құтқарушыларға құтқару жұмыстарын атқаруларына тура келген жоқ, себебі азаматтардан құтқару туралы қоңырау түскен жоқ. Ал құтқару керек болған жағдайда біздің құтқарушылар көмек көрсетуге сақадай сай дайын отыр.