Астана бойынша барлық жаңалықтар
Елордада сағат таңғы тоғыздан бері қар борап тұр. Ауа райының мұндай болатындығын мамандар алдын ала ескерткен болатын.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болуы мүмкін.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын жауады.
Ресейдің Таймыр аудандарынан келетін ылғалды ауа ағыны әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде күн салқындап, жауын-шашынды болады.
Иран аудандарынан келген құрғақ және ыстық ауа массалары бұрынғысынша Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысына әсер етеді, сондықтан өте қатты ыстық ауа температурасы – күндіз – 33-39º, кей жерлерде 40-45ºС сақталады.
Республиканың солтүстігінде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикамыздың кей жерлерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз болады.