Хабар телеарнасы

Еңбек күніне арналған «Адал еңбек» телемарафоны

24 қыркүйек елімізде Еңбек күні аталып өтіледі.

Еңбек күні Қазақстанда 2013 жылы жұмысшы мамандықтарға құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілді. Сан қырлы мамандықты ұштастырған, әр түрлі салада еңбек етіп, кәсібінің нәсібін көріп жүрген жандар «Хабар» Агенттігі ұйымдастырып жатқан «Адал еңбек» телемарафонында бас қосты.