Ұос бойынша барлық жаңалықтар
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында елдің әр аумағындағы майдангерлерге сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілуде. Агенттік қызметкерлері 1 күндік жалақыларын ардагерлерді қуанту үшін аударған болатын.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» шарасы Ақтөбеде жалғасты. Бұл жолы осы өңірдегі тілшілеріміз Ұлы Отан соғысының ардагері Вера Лоткованың үйіне барып, қарт жауынгерге теледидар сыйлады.
«Жеңіске құрмет!» шарасы әлі де жалғасуда. Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында тұратын соғыс ардагері Жақия Мұсатаев ақсақал да «Хабар» агенттігінің арнайы сыйлығына ие болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары ерлермен қатар әйел аналар да жауға қарсы тұрып, өлшеусіз ерлік көрсетті. Қабырғадан қан кешкен сондай қаһарман қыздардың бірі бүгінде самайын ақ шалған кейуана Қостанай облысында тұрады.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» қайырымдылық шарасы аясында бізге бейбіт күнді сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлермен таныстыруды біз одан әрі жалғастырамыз.
Петропавл қаласындағы «Саланг» әскери-патриоттық клубы кезекті 26-шы естелік вахтасына жол тартпақ. Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған талай жауынгердің жерленген жерін тауып, құнды деректердің бетін ашқан іздеушілер осы жолғы сапарларын Жеңістің 70 жылдығына арнап отыр.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 270 ардагер Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысу үшін Астанаға келеді. Ал Мәскеудегі әскери шеруге олардың алтауы шақырту алды.