Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында «Бозторғай. Жылы ұя» телехикаясы басталды

«Хабар» арнасында көрермен ықыласына ие болған «Бозторғай» телехикаясының екінші маусымы басталады. Туынды шынайы оқиға желісімен түсірілген. Бірінші бөлімде 90-шы жылдары елдегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан жетімдер үйінен 10 бала асырап алған Нұрлан мен Қарлығаның басынан кешкен оқиғалары көрсетіледі. Сериалдың жалғасында олардың кейінгі өмірі қамтылған. Ол – жаңа қиындықтар мен сынақтар, жетістіктері. Туындыны сағат 22:00-ден бастап, дүйсенбі-жұма күндері аралығында көре аласыз. Сериал саны - 15. Түсірілім Қостанай, Арқалық пен Торғайда жасалған.

Кейіпкерлердің нақты өмір сүрген ортасы – осы өңір. 

Жалын Тілеуберген, «Бозторғай. Жылы ұя» телехикаясының бас продюсері: 
- Сол кісілердің тұрған үйлері, жолдары, ізімен көрсетуге тырыстық. Экшн көргілеріңіз келсе, жылылық көргілерңіз келсе, барлық бояу осы сериалдың ішінде. Көзге жас алып көруге болатын сериал. Мерейлі отбасы деп осы отбасын айтуға болады.